Неткен қайғы, неткен мұң – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Неткен қайғы, неткен мұң» атты Қасымхан Бегманов жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1391
Неткен қайғы, неткен мұң,
Жан жүйкемдi жүндей түткен өткен күн.
Баяғыда осы ауылдан мұңайып,
Елден жырақ қайғы арқалап кеткенмiн.
Өзiмдi iздеп кетпесiме болды ма,
Қу көкiрек шерге қайта толды ма.
Маған тағы не дер екен тыңдайын,
Менi алысқа алып кеткен жол мына.
Сол баяғы он алтыншы көктемнiң,
Сұлулығын жалғыз iздеп кеткенмiн.
Сенi кейде сағынамын есiме ап,
Жан жүйкемдi жүндей түткен өткен күн.
Әлi ешкiмге айтқан жоқпын сырды бұл,
Көз алдымда тұрды көктем, тұрды гүл.
Қара түнде оянып ап ұйқымнан,
Өзiңдi ойлап отырамын мұңлы қыр.
Сырын ұғам деп кетiп ем ғаламның,
Мен де бәлкiм мұңлы жыр боп қалармын.
Жалғыз тұрмын, азынайды суық жел,
Моласында менiң ғазиз анамның.
Айта алмадым оралмаймын, күтпе деп,
Өкпе-нала көкiрегiмде түк те жоқ.
Менi өсiрген қайран ауыл артымда,
Көз ұшында қала бердi-ау нүкте боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неткен қайғы, неткен мұң өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Неткен қайғы, неткен мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неткен қайғы, неткен мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Неткен қайғы, неткен мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері