Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1272
Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер,
Әне анау атам асып кеткен бел.
Мұғалім мен ата-анадан тығылып,
Алғаш рет темекі ұрлап шеккен жер.
Бәрін, бәрін өз көзіммен көргенмін,
Анау қырдың қызғалдағын тергенмін.
Бабайқорған даласында өскенмен,
Хантағыда дүниеге келгенмін.
Неше түрін жинап сақа асықтың,
Иә, ол кезде көрші қызға ғашықпын.
Алыс қала елестейтін жұмақ боп,
Неге, неге келер күнге асықтым.
Қыз еді ол, рең басы келіскен,
Талай жігіт дәмелі еді-ау жеңістен.
Төңіректі азан-қазан шулатып,
Кешке қарай мал қайтатын өрістен.
Жүрісінен құпия бір сыр қалып,
Өтетін ол екі беті нұрланып.
Сабанхана орны ғана қалыпты,
Кітап оқып отыратын ұрланып.
Алғаш рет қыз ернінен сүйген жер,
Бала ерін ақ тамаққа тиген жер.
Оңашада өксіп-өксіп жылап ап,
Ғашық болған, лаулап жанған, күйген жер.
Аққала ғып ақша қарды үйген жер,
Табанымыз топыраққа күйген жер.
Көп құпия көкірекке түйген жер,
Туған жерді шын аңсайды сүйгендер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері