Сағыныштан қалар ма екем тұншығып – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сағыныштан қалар ма екем тұншығып» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағыныштан қалар ма екем тұншығып,
Шаштарыма кеткен екен түн сіңіп.
Хабарласпай қинағаның қайткенің,
Тірімісің, тіршілік?
Тағы бүгін өз-өзімді алдаппын,
Көктемге деп, саған өлең арнаппын.
Хаттарыңды қарға орап жолдаушы ең,
Аманбысың, ардақтым?
Көңіліңді тауып жүр ме көп керім,
Саған енді таға алмаспын өкпе мін.
Секундтарды сезім болып құшушы ең,
Шынымен бе кеткенің?
Мені қойшы, жыр жазуым еркімде,
Сені аяймын, сағыныш бар күлкіңде.
Көз-жасыңды Алла көрді, мен көрдім,
Ұмытуың мүмкін бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері