Мөңке бидің болжамы 2
Бұл бетте «Мөңке бидің болжамы 2» атты Мөңке би жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсер інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір - жерге теңеледі,
Әйел - ерге теңеледі,
Көл - теңізге теңеледі.
Сиыр - өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы -
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны - ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
"Алһам" білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады...
Өте көрегендікпен айтылған.Дəл осы заманға тұспа тұс .
Кандай керемет айтылган соз
Нагыз осы заманнын сози
Йя, айтқаны дұрыс келіп жатыр Ақыр заман болмасын
Аулие кысы тулга адам .болган ау
Шамасы
Оте. Керемет. Айтылган
Казирги замангы болып жаткан жагдайларды жаксы сипаттап шыккан
Неткен ақылды сөз. Мықты, тура айтылған.
Осы заманға айтылған сөз дәл келіп тұр. Ақырзаманды қолдан жасап жатыры ғой. Ертең аллаһтың қаһарына ұщраймыз болды сосын Ақыр заман деген сол.
Əрі қарай айтып жатқанда бір бала сөзін бөліп жіберген. Көзін жұмып Айтып жатып ойы бөлініп кеткен. Мына орыс халқы мен қытайлар туралы айта бастаған екен...
Иə, дəл қəзіргі кездегі сетьевой маркет ақша салып, бармақтарын тістеп жүрген алаяқ топтарға қатысты айтып кеткен дана Мөңке би
Коримдилик касиети болган ба?
Оте корегендiкпен айтылган,барi де келiп жатыр гой, бiздiн болашагымыз шынында да булынгыр болып тур гой.
Дал корегендiкпен айтылган бугiнгi куннiн акикаты.
Кайран бабамыз..казагымнын канындв болган даналык..корыпкелдык касиет жойылгандай..Улылардын улысы болган Ата баба урпагы казыргы казактар екы создын басын курап не бата не осиет не акыл айталмайтын жагдайга жеттык..тылымыз шубарланды.миымыз уланды ..шубар тылде кандай даналык болады..жер бетынен еш ултта жок кан тазалыгы..жеты атага дейын туыспау..осы куны оганда кауып бар..ултарактай жеры ушын Жан берыскен осы кунге урпагы аманат еткен дана аталар..
Керемет
Оте керемет айтылган создер Мыкты кислер барин айтып кетти
Бул создер, болашакты болжап, жанына баткасын куйiкпен айтылган создер. Халкым сондай жагдайга душар болмасын деп мол кездiн адамдарына айтылган едi. Бipaк шамасы ешкiм ескермеген-ау. Дал мол заман басталып кеткелi кашан, оянындар казактар! Керемет соз, дана соз емес, куйiк создер, журектi ауыртып жылататын создер гой бул. Алi де тузелуге кеш емес. Болашак урпагымызга ана тiлiмiздi уйретейiк!
Осындай жағдай болып жатқанда қынжылат екенсің
Әрине, қазағым дана болған ғой кезінде... Бірақ шүкір, қаңғырып ел асып, бомба мен соғыс алаңында жүрген жоқпыз. Тыныш азат елде өмір сүріп жатырмыз... Алайда осы бір тыныштық іштей аласапыран... Егер біреуге осы бір кемшіл тұстарын айтсаң «ОЙ ШҮКІР ДЕСЕЙ,СОҒЫССЫЗ ЖАРҚЫН,ЖАРЫҚ БЕЙБІТ,КЕРЕМЕТ ЗАМАНДА ӨМІР СҮРГЕНІҢЕ ДЕЙДІ» Дәстүріміз бен мәдениетіміз біртіндеп көз алдымыздан кетіп жатқанын білер ма екен. Менің қорқарым түзелуі қиындығы...
Бұл жерде адамдардын малдығын жаман айтыпты