Сәлемдесу – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Сәлемдесу» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 4558
Көңілі пәк ескі досым менің бір
Автобуста жүргізуші болып жүр.
Мен кіргенде бас изейді күлімдеп,
Қол бермейді,
Айтады ылғи:
- Қолым кір.

Бір танысым аш бөрідей жалақтап,
(Арам десең, алу қиын алу оны ақтап),
Қолын ала жүгіреді көргенде,
Ал көңілін құдай білсін,
Қолы аппақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері