Үміт

Бұл бетте «Үміт» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1687
Талпына бердім күні-түн,
Жүз рет қате жібердім.
Жүз рет өліп үмітім,
Қаралы болып түнердім.

Сарғайып өзен басында,
Бір балық ұстап көрмедім.
Осылай жеті жасымда
Үмітті алғаш жерледім.

Бір қызды сүйдім қылықты,
Тауымды шақты ол менің.
Он сегіз жаста үмітті
Осылай тағы жерледім.

Қуаныш еттім өлеңді,
Жанбады бірақ еңбегім.
Оныншы рет мен енді
Үмітті және жерлелім.

Түн ұзақ міне толғанып,
Тағы бір іске бекіндім.
Жүзінші рет қорланып,
Үмітті жерлеп отырмын.

Жүз рет жерне көміліп,
Тірілген қайта жүз рет,
Ақ балық болып сол үміт,
Алдымнан менің жүзіп өт.

Жүз рет жерне көміліп,
Тірілген қайта жүз рет
Шаңғы боп енді сол үміт,
Алдымнан менің сызып өт.

Жүз рет жерге көміліп,
Тірілген қайта жүз рет
Алдымнан өтші сол үміт,
Қазақтың сұлу қызы боп.

Жүз рет жерне көміліп,
Тірілген қайта жүз рет
Жыр болып бүгін сол үміт
Бөгеттің бәрін бұзып өт.

Жүз рет жерге көміліп,
Жүз рет қайта тіріліп,
Жұлдызым болған сол үміт,
Алдымда тұршы құбылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері