Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Торсық

Бұл бетте «Торсық» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3359
Жол шеккен кезде қиырға
Жаяудың жалғыз сенгені -
Толтыра сусын құйылған
Торсығы ғана белдегі.

Сол жаяу құсап бүгін де
Келемін жылжып жүріп мен,
Белдегі торсық түьінде
Сақталған тәтті үмітпен.

Батса да тастақ табанға,
Бөгемек емес бұл мені.
Үміттен ұрттап алам да,
Ұмтыла түсем ілгері.

Қалғанда сусыз жапанда,
Жібітер торсық таңдайды.
Шықсаң да қанша сапарға,
Сарқылып,
Кеуіп қалмайды.

Таусылса егер үмітің,
Тағдырмен нең бар таласар.
Қайтесің сүйреп,
Жігітім,
Торсықты теуіп жара сал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торсық өлеңінің авторы кім?

Қастек Баянбай — осы өлеңнің авторы.

Торсық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торсық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қастек Баянбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торсық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері