Бұл бетте «Бір үйде төртеу тұрамыз» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір үйде төртеу тұрамыз:
Өзім,
Ар,
Шындық және Арман.
Аумайды арман баламнан,
Ар - жардан,
Шындық - анамнан.
Қорласам егер баламды,
Жақсылық күтпен жарымнан.
Тәңірі сақтап табынған
Айырылармын арымнан.
Қорласам егер жарымды,
Естірмін сөгіс анамнан.
Төгеді жасын жанардан,
Жаяды шашын ағарған.
Қорласам егер анамды,
Көрмеспін қызық баламнан.
Қарағым қаны қарайған
Алуы мүмкін жағамнан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі