Қазақи әңгіме – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Қазақи әңгіме» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 4106
«Мен кеше «халық жауының» баласы едім,
Бетегеден биік, жусаннан аласа едім.
Өкпелесе, біздейлер өкпелесін,
Сталинге не өкпең бар, аға, сенің.

Біздей де ғаріп аз ба екен,
Өкпе де ме екен, наз ба екен?
«Беломорканалды» сен шектің,
Беломор каналды қазды әкем.

Түтін де ме екен, өрт пе екен,
Біздейлер әлде жоқ па екен?
Айналып сахна, орындар
Ауысып қалай кетті екен?

Өкініш пе екен, кек пе екен,
Біздейлер әлде көп пе екен?
Тісіңді басып сен жүрдің,
Tic жармай саған өтті әкем.

Tic жармай өтті неліктен,
Ойланам бүгін келіп мен.
Ол үшін өлік едің ғой,
Кек алып қайтсін өліктен.

Заманның желі өкпек-ті,
Көмусіз қалды көп текті.
«Халықтың жауы» — сары шал
«Халық аман болсын» деп кетті.

Ғаріп пен ғасыр бағына,
Сірескен көк мұз жарыла,
Айналып уақыт сахнасы,
Ауысты орындар тағы да.

Қайтеміз наз деп, өкпе деп,
Өкпеден, аға, жоқ көмек.
Сахнадан түсіп барасың,
Жолықсам деп ем бетпе-бет.

Жас ұрпақ мынау — жаңа әлем,
Жалқы емес екем, аға, мен.
Ұзайсың үнсіз сахнадан,
Ұзайды үнсіз қара мең.

Көкіректерді от қарып,
Тұрамыз біздер топтанып.
Қайтамыз сосын баяғы
Сахна жақты бетке алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақи әңгіме өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Қазақи әңгіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақи әңгіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақи әңгіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері