Орындалмайтын тілек – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Орындалмайтын тілек» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2046
Тоқтат, әже, қиссаңды осы маңда,
Керемет той бар деген тосын алда.
Жайық жаққа жаз келсiн, сүйiншi де,
Төлеген мен Жiбектi қосып ал да.
Жайды жағалбайлылар керегенi
Қонды сазға алты қаз төбедегi.
Сенiң балаң болмаймын өйте берсең,
Неге өледi Жiбектiң Төлегенi?
Дүрiлдесiн Жайықтың қырат-қыры,
Өледi деп айтпашы жылап түбi
Ең болмаса жалғыз түн көңiлдi өтсiн,
Жалғыз түнi, ой алла, бiр-ақ түнi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орындалмайтын тілек өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Орындалмайтын тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орындалмайтын тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орындалмайтын тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері