Қиял – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қиял» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 891
Кешір
Саған ескертпестен жатағыңа кеп тұрмын.
Есігіңді қақтым дағы маңдайымнан өптірдім.
Сағыныштан кеп тұрса да ағыл тегіл жылағым,
Саған шаттық силағым кеп мұңсыз жандай тек күлдім.

Сәл-пәл тарттың білегімнен, кіргізбек боп мені ішке,
Көктөбеге барам дедім, келіс мейлі келіспе,
Тағдырымдай нәзік сыммен шыққанменен басына,
Қайтар шақта қол ұстасып жаяу тарттық еңіске.

Дедің сонсоң күн ерте ғой Медеу жаққа кетелік…
Темекінің кесірі ме баспалдақта жөтеліп,
Тұрдың дағы менің аяп кеткенімді сезіп қап,
Өрге тарттың допша мені қолтығыңа көтеріп.

Шым бұлақ деп босқа айтылмас, шың басында бұлақ бар,
Деп тұрғандай отың болса қар үстінде сыр ақтар.
Жарты жолда жолаушының кейін қайтты жартысы,
Тәуекел деп жүріп кеттік, күтсін мейлі сынақтар.

….Тереземнен сәлемдесіп сығалады ақ таңым,
Таңнан бұрын оянып ап қиял кешіп жатқанмын.
Кездесуге шақырғанда бармай қойсам тақпа мін,
Қол ұстасып қайтар жолды қиялда да таппадым…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиял өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қиял өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиял өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиял өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері