Аққу деген бiздер үшiн киелi

Бұл бетте «Аққу деген бiздер үшiн киелi» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Аққу деген бiздер үшiн киелi,
аққуды атсаң сол оқ маған тиедi.
Аққуға сен жаға көрме күйенi,
аққу деген бiздер үшiн киелi.
Суды сызып қос қанаты етегi,
аққу құсым тап алдыңнан өтедi.
Өтiнемiн, тие көрме аққуға
киесi ұрып,
жазым қылып кетедi.
Күзге қарай тастап зерең көлдерiн,
кең даласын –
жоталарын,
белдерiн
аспанымда айтып бара жатады
аққу бiткен Ақан серi әндерiн.
Айтып сырын көл, өзен мен жапанға
кеткен олар қиыр алыс сапарға.
Ақан серi ғашық болған аққуға,
аққу бiткен ғашық болған Ақанға.
Махаббаттың көре-көре азабын,
Ақан-серiм болыпты ғой азалы, –
аққуларым ғашық содан қазаққа,
аққуларға ғашық содан қазағым.
Бұл ғұмырда мың өртенiп, жаныппыз,
жаныппыз да,
мәңгi өлмес боп қалыппыз.
Киелi құс әнiн айтқан халықпыз.
киелi құс ғашық болған халықпыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу деген бiздер үшiн киелi өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Аққу деген бiздер үшiн киелi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу деген бiздер үшiн киелi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу деген бiздер үшiн киелi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері