Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 5376
Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді,
Жүрегім шөлдеді менің анам өлгелі.
Біздің ауыл аспанында бір бұлт бар,
Келген сайын қарсы алады ол мені.

Анам жоқ енді, өшті, сөнді үміт.
Бір бұлт бар, менің бұлтым - сол бұлт.
Қабір жаққа бірге барып менімен,
Тұрады ылғи байғұс шаршап, болдырып.

Тұрады ол тас төбемде қабарып
(Басқа бұлттар кетіп жатыр әрі ағып).
- Мама, - деймін, - мен келдім ғой...
Даусымды
Естиді тек сол бір бұлт - бала бұлт.

- Мама, - деймін, - бәрі жақсы, дін аман.
Жылама деп айтып ең ғой, жыламан.
Бәрі ойымда - ата мінез, салт-сана,
Елдің салтын естен неге шығарам.

Білем, енді оралмайды бал күнім,
Менің бұлтым тежеп әрең жаңбырын,
Аулақ барып, ішкі шерін тарқатып,
Өксіп-өксіп жылайды бір зарлығым.

- Мама, - деймін, - бәрі жақсы, дін аман,
Елдің салтын естен неге шығарам.
Мен шыдаймын, шыдай берем, шыдағам,
Бұлт қой анау жылаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері