2012 жылы қарға жазылған сонет
Бұл бетте «2012 жылы қарға жазылған сонет» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем кешiктi
Көңiл жабырқау. Көктайғақ
Көше талдары көкке қол жайған көп бейбақ
Көп керек емес Алматыға да, маған да
Сәл ғана мейiрiм, аз ғана шуақ жетпейдi-ақ.
Шаршаңқы көңiл, шашыраған ой тарыдай,
Өтер ме екенбiз жылылыққа бiр жарымай.
Қадекең кеттi, Тұмағаң кеттi өткен жыл,
Түсiм болса екен осының бәрi, а, құдай.
Дүние жаңа едi, қалайша жылдам көнердi
Сен мұндай емес едiң ғой бұрын, Алматы
Сен мұнша суық емес едiң ғой, не болды?
Қош дейтiн кез де келедi-ау ертең фәниге
Қиналмай өлсем деп армандайсың, қор болмай
Қиналмай өлсем ...... (тап қазiр емес, әрине).
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі