Бұл бетте «Біз гүл едік» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біз гүл едік
Ортақ майда көктеген,
Көп гүл едік
Көктем берген леппенен.
Достық деген
Алтын арқан байланып,
Қосақталып
Бір қазықтан кетпеген.
Обалың не –
Бірдей қатар дүзедік,
Махаббаттан
Жүз тіріліп, жүз өліп.
Ығы-жығы Жәрмеңкенің төсінде
Сырнайлатқан
Сырбаздарың біз едік.
Тауға қарап
Ақша бұлттар көшкенде,
Дария бойлап,
Ақ қайықтар ескенде,
Біз екен – деп
Ойлап қалам елегзіп,
Я - сен – деп
Қоштамайды еш пенде.
Тек төбемнен
Жауып өткен ақ нөсер –
Мұнда сенің
Жас мінезің бар десер.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі