Не істе дейсіз енді сіз? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Не істе дейсіз енді сіз?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2461
Не істе дейсіз? Не істе дейсіз енді сіз?
Халге жеттім адам айтса, сенгісіз!
Сіз жоқ жерде ауа да жоқ!.. не болған?
Қайдан келдім? Қайда барам? Белгісіз...
Қайтсем екен сізден қалған көңілді?
...астаң-кестең... быт-шыт болған өмірді?
Біреу жерде құлап жатып бақытты,
Біреу шыңға шығып тұрып, жеңілді...
«Бәрі жақсы болады!»- деп күлесіз.
Бәрі жақсы болмайтынын білесіз...
Өмір сыйлап өлеңіме жалғанда,
Шын өмірді өлеңімде сүресіз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не істе дейсіз енді сіз? өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Не істе дейсіз енді сіз? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не істе дейсіз енді сіз? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не істе дейсіз енді сіз? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері