Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1383
Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып,
Пышағын біреу ұмыт қалдырғандай...
Ауамды әкеткендей жұлып алып,
Жайрадым, жанымды өртке алдырғандай.
Не өлмей, не босанбай пышағынан,
Көзіме жаным келіп көрінгенде,
Ажалдың қысылғанда құшағынан,
Мен көмек күттім, сенсең, өлімнен де...
Сыздықтап аққан қанмен өлең жазып,
Қалдырып кетем саған қалқан етіп.
Тіліммен өз көрімді келем қазып,
Мінезбен тағдырымды талқан етіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері