Түсінеді – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Түсінеді» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2295
Түсінеді... Қайда барар?.. Ол да адам...
Бұндай сезім бұрын менде болмаған...
Көздеріңнен сүйіп алғым келеді
Көктем болып елестейді ол маған!
Сөйлеп қалсаң, ұшқым келіп қомданам.
Үнсіз қалсаң, өз-өзімнен қорланам...
Сырын елге өзі жайса өлеңім,
Сұқ көздерден қалай, қайтіп қорғанам?
Жол тым ауыр... Шоқайым тар, шоң ғалам!
Іздер ме едім, болсам мұнша тоңбаған...
Көздеріңе батып өлгім келеді
Күншуақ боп елестейді ол маған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсінеді өлеңінің авторы кім?

Танакөз Толқынқызы — осы өлеңнің авторы.

Түсінеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсінеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Танакөз Толқынқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсінеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері