Жақсы екен сенің Отаның – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жақсы екен сенің Отаның» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

С. Омаровқа

Жақсы екен сенің Отаның,
Келісті өлке, кең көңіл.
Ұмытпайды екен Сейтжанын,
Ұмытса да ұлы кейде бір.

Әлі тұр сонау көк қақпа —
Волисполком мекені.
Белгілі ғой айт-айтпа
Туған жер, шіркін, не екені.

Әлде бір ыстық сезіммен
Қараймын ұзақ мен-дағы
Үнсіз де үлкен көзіңмен
Қараушы едің сен-дағы:

Қаңылтыр шілтер — көп әйнек
Шағылар күнге екінді.
— Үйге кір, жиен кел, әй! — деп
Шақырған өзің секілді.

Атбасар десе, ол жерден
Шыққандар еске түспей ме?
Аға едің ардақ көз көрген
Секілді жақын іш жейде.

Кешуін болса маған бер,
Еркелей қалдым жайша бір.
Дегендей саған туған жер:
«Келіп те кетіп қойса бір!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы екен сенің Отаның өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жақсы екен сенің Отаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы екен сенің Отаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы екен сенің Отаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері