Менің балаң жырларымның – Марина Цветаева

Бұл бетте «Менің балаң жырларымның» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1016
Менің балаң жырларымның
Мәреге –
Ақындыққа бастаған,
Найзағайдың жарқылындай
Және де
Тау суындай таспаған.

Нәрестедей бостандыққа қалаған,
Жемістердей гүлденген,
Өмір мен өлім жайлы,
Жан адам
Оқымаған, білмеген.

Жырларымның –
Жайған бала жасымнан,
Байлығымның бағасы –
Жырларымның –
Шаң қабаты жасырған
Ашылады бағы әлі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері