Сүйем Сізді!
Бұл бетте «Сүйем Сізді!» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйем Сізді!
Өмір бойы, күн сайын...
Тас төбемнен төнесіз де тұрасыз,
Шұбатылған көлеңкедей түн сайын.
Сүйем Сізді:
Өмір бойы, десе де,
Барлығы да басталған ед Сізсіз де,
Аяқталған Сізсіз бәрі кеше де.
Әлі есімде: сықыры да доғаның,
Зәулім қақпа, кіршіксіз қар сонары,
Жұлдыздармен тізбектелген соноу күн...
Ағаштардың ескі иісі жер-көкте...
Жер мен көкте шұбатылған көлеңке...
Білем, сіздің есіміңіз дұрысы:
Солтүстіктің бұғысы!
Аударған Ақсұңқар Ақынбаба
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі