Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды –
Марина Цветаева
Бұл бетте «Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды,
Жан дертімді емдемегеніңіз ұнайды.
Тартылыстың таңғажайып заңына
Бойұсынып,
көнбегеніміз ұнайды.
Тіл беземей,
Күнәдан пәк балаша
Қызық,
әрі бұзық болған ұнайды.
Һәм қызармау –
Қолдарымыз жанасса,
Жасыра алмай жалын атқан сыңайды.
Тағы ұнайды
Мені балап мүсінге,
Аймаласа басқа жанды шын еріп.
Сол адам мен болмағаным үшін де
Қинамаңыз
тозақ отын жіберіп:
Кеткеніңіз үшін мені ұмытып,
Аққанымыз үшін бөлек арнамен.
Екеумізге,
жан-жүйені жылытып,
Шырқалмаса құдай жайлы мәңгі әуен.
Ризамын өзіңізге өлгенше:
Сүйгеніңіз үшін мені,
білместен.
Күндер үшін –
Асықпаған көргенше,
Түндер үшін –
Тыныштықпен тілдескен.
Айлы түнді ағарып,
кезбегеніміз үшін де,
Ортақ өмір шуағын сезбегеніміз үшін де –
Жарық күнді мен демегеніңіз үшін де,
Жан дертімді емдемегеніңіз үшін де!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі