Бір-бірінен іздегендей ем-дауа – Марина Цветаева

Бұл бетте «Бір-бірінен іздегендей ем-дауа» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1299
Бір-бірінен іздегендей ем-дауа,
Тереземнің алдындағы қос ағаш.
Ағаш – кәрі,
үй де көне,
Мен ғана
Жас болғасын қалай көңіл босамас.
Аласасы қол созады барынша –
Әйелдерше,
Жанын аяу жоқ онда –
Серігіне –
сүйенісер жарынша –
Биігіне,
бәлкім сорлы одан да.

Қос ағаштың өтіп жатыр жаз-қысы,
Бір-біріне ұмтылумен бар күні.
Осы болар тартылыстың наз күші –
Ұмтылады,
жаратқанның жарлығы:
Бір-біріне ұмтылады барлығы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа өлеңінің авторы кім?

Марина Цветаева — осы өлеңнің авторы.

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марина Цветаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері