Бақ ішінде2 – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «Бақ ішінде2» атты Арайлым Мұраталиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бақ ішінде отырмыз - Ой және Мен,
Жапырақтың аялап сыр-сенімін.
Табандарда тапталған, қайран әлем,
Мен болмасам жасыңды сүртеді кім?

Қоңыр пальто.
Қоңыр күз.
Қоңыр әуен.
Қолшатырға төгілген аспан шері.
Адам болсаң бағың боп жолығар ем,
Табандарда тапталып жатқан сенің.

Шыр айналып, құс салды қиылып ән,
Қалып кетті екен деп бұл күзде нем.
Уақыт күліп қарап тұр миығынан,
Телефон ішіндегі күнтізбеден.

Қыс келеді, жапырақ, аз күнде енді,
Тоңдырар ма жаныңды ақ қар демі?
Саған арнап бір өлең жазғым келді,
Жұбатуға бірақ та жоқ дəрменім...

Біле білсең, сенсің ғой сәні бақтың,
Сарғаюдың алайда мәні неде?..
Сені өзімнен жақсырақ танып аппын,
Айтшы, сені теңейін тағы неге?

Бақтан шықтым сыртына ғашық әркім,
Үңілмейтін ішінің мән-жайына.
Күз - Тəңірдің сарғайған хаты, бәлкім,
Жапырақтың жазылған маңдайына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ ішінде2 өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

Бақ ішінде2 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ ішінде2 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайлым Мұраталиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ ішінде2 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері