Бүгін жаңбыр жауса екен – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «Бүгін жаңбыр жауса екен» атты Арайлым Мұраталиева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

 БҮГIН ЖАҢБЫР ЖАУСА ЕКЕН...

Бүгiн жаңбыр жауса екен деп тiледiм,
Жуып өтсiн жүзiмдi кешкiре күн.
Кеткенiңе сене алмай сенiң, ана,
Жыламаған көзiмдi кешшi менiң.

Құлап түссiн бiр сия қаламымнан,
Жас тамбаса қаӣтеӣiн жанарымнан?
Көңiл соғып алыпты қала мұңнан,
Жiгер жасап алыпты дала құмнан...

Күннiң көзi көңiлсiз, көше жүдеу,
Сағынғандаӣ сәттерін кешегi беу.
Аӣналшықтап мен жүрем айна алдында,
"Айнымайсың анаңнан" десе бiреу.

Есiмiңмен атасам дүние атын,
Ол жақта да шығарсың жымиятын.
Кеш батарда қуанған сәттеріңде
Таппаӣ қалушы едi ғоӣ Күн ұясын...

Бүгiн жаңбыр жауса екен деп сұрағам,
Көрмесiн деп жасымды ешбiр адам.
Бiр оянып кел үйге, шай қояӣын,
Бiр жолығып түсiмде кетшi маған...

Оӣға шомып отырмын тағы мiне,
Жетiм жырдың аӣтшы өзiң, жазығы не?
Көктасты ауыр қаӣтесiң? Мен одан да
Өлең жазып кетеӣiн қабiрiңе...
Рұқсат па?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгін жаңбыр жауса екен өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

Бүгін жаңбыр жауса екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгін жаңбыр жауса екен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бүгін жаңбыр жауса екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері