Орыс халқына
Бұл бетте «Орыс халқына» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанды майдан дауылдардан бірге өткен
Аға халық, сенімен бір өмірім.
Досқа күндей, жауар бұлттай жауға өктем
Өз туысым деп атамас сені кім!
Орыс ұлы, сені қалай жырламай,
Егер менде жүрек болса адамдық!
Мен барыммен борыштымын бір саған,
Сен туғыздың, қайта біздер жаралдық .
Коммунизм ұлы туын нық ұстап,
Сен аттадың дауылдардан сүрінбей.
Бастады алға лениндік ұлы штаб,
Мен де сапта жүрдім батыр ініңдей.
Ізгі досым орыс жұрты кеше гөр,
Жүрегімді айта алмадым сөзбенен,
Достық нұры жарқырайды жүректе,
Әр ұлыңды көрген сайын көзбенен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі