Сенің кінәң жоқ еді – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «Сенің кінәң жоқ еді» атты Арайлым Мұраталиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 1
  • 0
  • 1690
Сенің кінәң жоқ еді, кінә менде,
Сүйе алмаған ешкімді бұл әлемде.

“Сүйе алмадым” деймін ғой, сүйдім бе екен?
Мәнін ұқпай қалдым ба күйдің бөтен...

Көңіл суық сөздерге көнгенімен,
Жек көрмеген шығармын пендені мен...

Бәлкім, маған өзің де таң қаласың,
Сағынбадым дәл сендей жан баласын.

"Сағынбадым" дегенім сәл өтірік,
Білмеймін не деуді ақын бола тұрып.

Білмеймін, қалай жақсы көрем сені,
Жан да емессің көңілді, зор еңселі.

Әңгімеңді тыңдаймын сонда да мен,
Ішіме түсініксіз орнап әлем.

"Сүйемін" дейтінің де бар еді ғой,
Осы бір сөзің ғана әдемі ғой...

Сенің кінәң жоқ еді, менде кінә,
"Суықсың" деп жазғырды ел де мына.

Мінезін байқатады үйдегі зат,
Олар да өкпелеуді үйреніп ап.

Бір кездері едім ғой бала ғашық,
Бұл күндері жүрмін бе мен адасып?

Қайта-қайта жаңғырар осы есімде,
Жаяу жүрсем өткеннің көшесінде.

Іште қалды сырымның көбі ашылмай,
“Мен бір жұмбақ адаммын” дәл осындай.

Не деймін, кешірерсің "кінәм" үшін,
Тәңірді де кеше сал сынағы үшін,
Жауапсыз қалып қойған дұғаң үшін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің кінәң жоқ еді өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

Сенің кінәң жоқ еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің кінәң жоқ еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайлым Мұраталиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің кінәң жоқ еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері