Әз Наурыз – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Әз Наурыз» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 1
  • 2860
Қылтияды қар астынан шөп басы.
Еріген күн Самарқанның көк тасы.
Әз Наурыз құтты болсын мерекең,
Болсын аман әр шаңырақ, отбасы.
Таңым атты арай шашып, ағарып.
Көктем айы, жан дүние жаңарып.
Әз Наурыз, жылдың басы қош келдің,
Әрбір үйге сыйласыншы жаңалық.
Ерте тұрып, таңмен бірге таласып,
Әжелер жүр камзолдары жарасып.
Аталардың шапандары әдемі,
Бүлдіршіндер асық атып, таласып.
Киіз үйлер бой түзепті ақшаңдақ.
Бұл құтты күн,
Түркі елінде асқан бақ.
Ұлыс тойын мерекелеп жүрмін мен,
Көңілім шат, мерейім бір аспандап.
Қазақпын мен, тура сөзге тоқтаған.
Наурыз көже, ешбір елде жоқ тағам.
Қайта оралған мерекеге қайыр бер,
Жетпіс жылда тоқыраған, тоқтаған.
Ұмыт қалған,
Ұлыс күнім, мерекем!
Бақ таймасын,
Кетпесінші берекең.
Қазағымның еңбегіне қайыр бер,
Уа ағайын,
Құтты болсын мерекең!


Пікірлер (1)

Дина

Абдулмахмуд Пошатаевтың «Әз Наурыз» өлеңін оқып, көктемнің шуақты көңіл-күйіне бөлендім. Наурыз – жыл басы, жаңару мен жаңғыру мерекесі. Ақын осы мерекенің берекесі мен бірлігін, қазақ дастарханының молшылығын жырлаған.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әз Наурыз өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әз Наурыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әз Наурыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әз Наурыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері