Бәле қуғым келмейді, жала қуғым
Бұл бетте «Бәле қуғым келмейді, жала қуғым» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бәле қуғым келмейді, жала қуғым.
Демеймін жұрттан ерек, дара тудым.
Бірін- бірі талауға құмар қазақ,
Жөнін де біледі ғой қарасудың.
Бұған дәлел, апат та Арыстағы.
Халқымның от тажалмен алысқаны.
Қазағым ояныпты, басымды ием,
Ағайынға мың алғыс алыстағы.
Айтпаймын,
Ерлігің көп, бір мұныңды.
Түзейтін күндер жақын тірлігіңді.
Үй сыртында адам бар, оны да ұғын,
Шайқалтуға ұмтылған бірлігіңді.
Сабыр керек,
Оңалар тірлігіміз.
Нығайып келе жатыр бірлігіміз.
Мәшһүр бабам айтқаны рас болса,
Бақытқа кенелерміз бір күні біз.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі