Жаннатты етеді екен амал ғана
Бұл бетте «Жаннатты етеді екен амал ғана» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаннатты етеді екен амал ғана.
Бір күндік тірлігіңді амалдама.
Сәт сағат өмірің бар пендесің ғой,
Ол да пенде, адамды жамандама.
Амалын Алла білер, амалдама,
Жұрттан ерек ақылың санаң ғана.
Сені көкке көтеріп, жығатын да,
Сол құдайың жаратқан адам ғана.
Тілесең Алла берер тілегіңді.
Табатын Құран ғана бір еміңді.
Адамнан тілегеннің көзі шығар,
Е Алла иманды етші жүрегімді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі