Өкпе жыр – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Өкпе жыр» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1308
Жандар құмар болған ба, күйе жағып,
Өр сөздің кеткені ме ме киесі ауып ?
Әкемнің ағаттығын кешіретін,
Анам да,
Келгеннен соң бие сауып.
Жандарға – «Бие сүті көп пе?» – дейтін.
«Несібесі жылқының шөпте» – дейтін.
Жайраң қағып үйіне оралатын,
Бие сауым сәт қана өкпелейтін.
Құлын жыр.
Қарап тұрсың несіне, шын,
Бір күні сен де мені кешіресің.
Апамның сауып келген шелегінен,
Құлынның ішіп жүрген несібесін.
Топырақ шашатындар көпке бүгін,
Қараса екен жайына өткенінің.
Жолың болмай жүрсе егер,
Тобаңа кел,
Ұнай қоймас жала сөз көпке мұның.
Жақсылық та,
Жамандық қайтарымды.
Жарыстырма тұлпармен, тайқарыңды.
Өр мінезді болсам да өкінемін,
Айтып айтып алған соң, айтарымды.
Көңіл неге жасыды,
Неге сұлық?
Бірақ, құнсыз ғаламның, егесі ұлық.
Тәмсілді көп ойлаймын, ізі қалған,
«Тақтайдан суыр» – дейтін, шеге сұғып.
Тұлпардың жүйткігенде белі талып.
Қыран құс қалықтайды, мойны ғаріп.
Адамның осал тұсы сол емес пе,
Бір ауыз сөзден қалар, көңілі қалып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпе жыр өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Өкпе жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпе жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өкпе жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері