Рухына бас иемін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Рухына бас иемін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 707
Жақсылық шарапаты тиген белгілі журналист Ләзизә Мешітбайқызы Серғазинаның сексен бес жас мерейтойына

Дала қызы ем жүректе көп нала, мұң,
Оқу, өнер еді көбіне алаңым.
Мамандық жоқ, білім саяз баланың,
Жүрісіндей тәлтіректеу қадамым.
Естісем де журналистік жайында
Бейімділік бар демеуші ем бойымда.
Қараңғы еді қою орман тәрізді
Тайталасты үміт, күдік ойымда.
Осы қалпым, редакция есігін
Имене ашып кірдім күтіп шешімін,
Не болар деп отырғанда, сәл сынап
Зейін қойсаң білмегеннің несі мін.
Дедің дағы, жылы жүзбен қарадың
Жүрегіме сенім күйді жамалың.
Содан былай ылғи сенен сезіндім
Қасиетті қамқорлығын ананың.
Себеп болдың қабілетімді ашуға,
Талаптанып тек ілгері басуға.
Құларман құз, кезіккенде қиын жол,
Жігер бердің, жібермедің жасуға.
Университет есігін де нұсқадың
Шын жанашыр ақылыңды ұстадым.
Аз кеңестің өмірде үлкен бет бұрыс
Жасайтынын сонда ұқтым, Ұстазым.
Дала қызы ем, жетілмеген жасыл ем.
Бүгін биік армандарым ғасыл ең.
Шарапаты деймін дағы жақсының
Ләзизә апай, РУХЫҢА бас ием.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рухына бас иемін өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Рухына бас иемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рухына бас иемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рухына бас иемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері