Жеңешеме – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жеңешеме» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 693
Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің 85 жасқа толуына арналған салтанатты кеште оқылған құттықтау. «Батыр аға туралы баллада» жазғанымды айта келіп бұл өлеңді аяулы жеңешем Асылға арнап, арқасына зер қамзол жаптым.

Өмірде бар арманы болған ғасыл,
Мадақта, мақта мейлің аспанға асыр
Лайық киелі орда бәйбішесі
Тойыңыз тойға ұлассын жеңгем, Асыл!
Әз жеңгем, атың да Асыл, өзің де асыл,
Отыңның басы жайлау жазғы жасыл
Парықтай білген батыр парасатын,
Жасай бер әз жеңешем, тұтас ғасыр.
Сырбазсың кең пішілген мінезге бай,
Қосылған кемел ақыл ағама сай.
Батырды алақанда аялайсың,
Риза боп пір тұтады ұйып маңай.
Парасат пайымыңа болған енжар,
Күнім жоқ, Қасағама болдың тең жар
Риза көңілімнің алғысы деп,
Жабамын иығыңа зерлі кемзал.

21.05.2003 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңешеме өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жеңешеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңешеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңешеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері