Шағала – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Шағала» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1473
Ерте тұрып,
Ерте оянып бағана.
Несібем деп, аз бұйрып қала ма?!
Тереземді түрткілейді, қарасам,
Ақ келіндей,
Аппақ ару шағала.
Бір ой келді,
Салмақ салды санама.
Шаңқылдаған шағала жүр қалада?
Бақытымды әуелде мен ұстағам,
Бақыт құсы келіп жүр ау балама.
Бақытыңды деді ме екен бағала?
Дос- дұшпанның айтқанына қарама,
Шаңырағың шайқалмасын дегендей,
Шаңқылдады сыр айтқандай шағала.
Жасыратын жайын айтпай, бұрында,
Қызы бар үй, торуылда қырыңда,
Ырым тиым, сенетін ек бас ұрып,
Орындалып жатушы еді шынында.
О өмір- ай,
Тауқымет-ай, төзген ем.
Дегенің де бола бермес, өз деген.
Құралайым қатар шауып келеді,
Қызқыштайын қорғап келген өзгеден.
Асу алда ауыстырмас тұлпарын,
Белестерде біргемін деп сөз берем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағала өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Шағала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері