Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1376
Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің,
Сөйлегім кеп тұрады кейде менің.
Мен тоқтата алмаймын бұрқыраған
Өмірімнің өміршіл ойлы өлеңін.
Сөйле, сөйле, дүние, мүлгімегін,
Сілкінсінші, жайнасын бір кілемің.
Тозаң басқан тіршілік серпілгенде,
Көз алдымда жадырап күлді менің.
Білеcің бе, бар бақыт қозғалыста,
Тастамайды көрігін тозған ұста.
Жер дөңгелеп, күн аунап, ай домалап,
Қанат қаққан құстарым озды алысқа.
Білесің бе, бар бақыт күресуде,
Күреспесең, қаласың күресінде.
Бақыт та бар, бақ та бар, қуаныш бар
Тағдырыңның тартатын үлесінде.
Аппақ гүлін шашады өрік деген,
Жапырағын жаяды көрікті емен.
Мен осынау ғажайып дүниенің
Ұшатынын қанатпен көріп келем.
Кеш түспей ме, қайтадан таң атпай ма,
Өйткені олар жүреді қанат байлап.
Көбелектер көлбейді көлкіп ұшып,
Жер – дүние буланған жәнатты айда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері