Күздегі элегия
Бұл бетте «Күздегі элегия» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қандай мұңды, қандай нәзік күз деген.
Бір керемет мұңға батам күзде мен.
Неге сонша сезімді боп жаралғам,
Шын бақытын өмір бойы іздеген.
Жалғастырып күнді түнім, түнді мұң.
Өлең ғана дем береді, шындығым.
Жұлдыздарды санап жүрген бала едім,
Киіз үйдің түріп тастап түндігін.
Сүйенетін жанды таппай, тірегін.
Аңсап кімді ауырады жүрегім?!
Е құдайым кешіре гөр пендеңді,
Өмір сынақ,
Сынап жүрсің білемін.
Сырлас таппай сырласатын, жүрегім.
Іштей тынып, мұңға батып жүремін.
Көңілімді жабырқатты жалғыздық,
Таба алмадым, бір емін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі