Бұл бетте «Айтып ең, әкем жоқ деп бұрын маған» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған әке туралы өлең берілген.
Айтып ең, әкем жоқ деп бұрын маған.
Саған сонда көңілім суынбаған.
Әкең емес, жан жарың болсам дегем,
Ер жігіттің берсе егер туын маған.
Таразылап көріп ем талғамыңды,
Ұға алмадым сендегі арманыңды.
Жанұяны екі еттің, енді қайтем,
Сағынумен жүрмін мен балдарымды.
Бір күндері мені де сағынарсың.
Тағдырыңның талқысы, бағынарсың.
Ұмытқаның өзіңе пайда әкелер,
Менен зор, алтын-моншақ тағынасың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі