Өз келінің сорлатпасын
Бұл бетте «Өз келінің сорлатпасын» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсетінін білмей маған салмақтың.
Махаббат-ай,
Өз-өзімді алдаппын.
«Заманауи» әйелімді кезінде,
Қарт анама тәрбиелетіп алмаппын.
Жас болыппын,
Қазір жүрмін арманда.
Ұрсушы еді, анам үйге барғанда.
«Ақыл айтам, қазақшылық қайда деп,
Иілмейтін емен болып қалған ба?»
Түйсігіне ой жіберер сананың.
Тәрбиесі керек қызға, ананың.
Жан-жарыңның анасынан тәлім ал,
Өз келінің сорлатпасын қарағым.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі