Агент-әлем. Агент-әзiл
Дейсiң де сөзге өрнек салдым қалай,
От сезiм жыр-жүректi жандырғаны-ай.
Жусан-болмыс қазақтың баласы едiк,
Интернетке байланған тағдырлар-ай.
Кетпесек те берiлiп Отанға анық,
Көкейiңде өр Далаң жатар ма анық.
Намыс қуған ер елдiң ұлы,қызы,
Бұл күнде бара жатыр жаhанданып.
Алмасақ та соншалық бiлiм ұғып,
Көрсете алмай жатсақ та ұлы қылық.
Интернеттен ашылған логиндерде,
Бiр-бiр тағдыр қайтерсiң тұр iлiнiп.
***
Агент. Уақыт өттi сырғып анық,
Қаларсың бiр өкiнiп,бiр қуанып.
Менi бiреу жаратпай жатты-дағы,
Мен бiреудi ұнатпай тұрдым анық.
Жатты талай сөздерiм еңсерiлмей,
Сыр айттым қызды көңiл көрсе гүлдей.
Сыңғырлайды агент әрбiр қолда,
Сырт-сырт еткен сағаттың өлшемiндей.
Талай жанды үмiтке ерттi ме анық,
Бiреу шат боп,бiреулер кеттi налып.
Менi бiреу ұмытып үлгердi де,
Мен бiреудi ұмытып кеттiм анық.
***
Мұң теңiзi тағдырын билеп алып,
Отырушы ед көбiне үйде налып.
Махаббатка құмар ед сол келiншек,
Қосылды ма жарына сүймей анық.
Жан-дүниесi ұқсас ед күзге керiм,
Үмiтiңнiң арманнан үзбе легiн.
Бiр күнде алай-түлей күйге енiптi,
Агенттен тауып ап iздегенiн.
Агенттiн сыры бар-айта бiлмек,
Алданышпен әйел-жан қайта күлмек.
Тоғыстырған сан түрлi тағдырларды,
Не десең де мықтысың,сайтан инет.
***
Көз тарта ма сәндi жаға,сәндi жең,
Етер ердi бiр-ақ сәтте шерменде.
Ханымдардың суретi алдымен,
Керек ғашық болу үшiн ерлерге.
Әйел-сезiм көнбейтұғын ырыққа,
Әсемдiктiң бақшасында гүлдептi.
Жиырмада ма ,отызда ма,қырық па,
Ердi ғашық етуге әйел мiндеттi.
Қыз жанының құпиясы тылсым дәл,
Кеуде-көзбен жiгiт анық аңдаса.
Суретте қарапайым бiр сыр бар,
Неге керек ерлер ғашық болмаса.
***
Агент деген өзi көл емес пе?
Қыздар-балық осында мол емес пе?
Жiгiттер жағасында агенттiң,
Отырған шын балықшы сол емес пе?
Авторизация тастайтын қармақ па едi?
Жемге шаншыр сөздерi салмақты едi.
Қыз-балық та қармақты қаба бермес,
Олар да бұл күндерi жан-жақты едi.
Қалмасын балық-қыздың мазағына,
Iлiнбеген балықтар жазалы ма?
Iлiнгенге жырылып кетер игнор бар,
Олар да түспес жiгiт қазанына.
***
Әжем менiң сұрасаң анық дастан,
Талай жiгiт кезiнде жанып,тасқан.
Әскери жiгiт екен қыз-арманы,
Тракторшы Нұр-атам алып қашқан.
Мұны әжем әуелде ұқпай жүрген,
Атам да әжемiздi құптай бiлген.
Қанша құрсақ өмiрде көтерсе де,
Қыз-арман көңiлiнен шықпай жүрген.
Айтылар бұл әңгiме әредiкте,
Естiгенде бұл сөздi бала едiк пе?
Әжем қазiр мәз-майрам,бар себебi,
Полковник шалы бар агентте.
***
Бойдақ әйел,бойдақ қыз,бойдақ бала,
Бойдақты да бiр сатке ойлап қара.
Виртуальды әлемге енiп алып,
Бойдақ қыздар ақырын,
ойнақтама.
Бойдақ кемпiр,бойдақ шал,бойдақ жiгiт,
Кемпiр-шал да отырсын ойнап-күлiп.
Бойдақ жiгiт қыздарға қырындап қал,
Отауыңды бiр жақтан сайлап тұрып.
Қыздардың да көп қой мiн тағатыны,
Болмасын олардың да нала түнi.
Мына өмiрде рас қой күте бiлсе,
Бойдақтың да бiр тойы болатыны.
***
Алуан түрлi күйге енiп,
Сезiмдерi тосын-ды.
Агентпен үйленiп,
Агентпен қосылды.
Солай бiрден жанды бақ,
Өмiрлерiн күй шалды.
Агентпен мал құрап,
Агентпен үй салды.
Ойламайық күпiр деп,
Түсiнейiк бiрден бiз.
Келдi өмiрге шүпiрлеп,
Агенттен ұл мен қыз.
Өмiр солай көктемек,
Кейде ашу құрысты.
Агенттен өкпелеп,
Агентпен ұрысты.
Кiрмедi ме ақылы,
Болмай сезiм табысы.
Ажыратты ақыры,
Агенттiң ЗАГС-i.
Болмай сезiм сүйеуi,
Танымады бақты бақ,
Алименттi "күйеуi",
Балансқа сап тұрад.
***
Агентте бiр қыз бар едi,ойхой,шiркiн сезiмтал,
Өзi айтқан осылай деп,жетпесе де көзiм дәл.
Сол бойжеткен ғашық бопты,солай болды тағдыры,
Агенттен бiрақ бәрi,көрмей жатып әлгiнi.
Надан ба өзi әлгi жiгiт,ұқпапты қыз сезiмiн,
Келекелеп күледi екен,сөйлесудiң өзi мұң.
Қосылуын тiлер едiм бiр-бiрiне армандар,
Бiрақ әлгi қыз сияқты ғашық болып қалмаңдар.
Сөйтiп жүрiп бәрiмiз де ғашық болмайық бiр күнi,
Болады екен мына өмiрде махаббаттың түр-түрi.
Ие болғың келсе егер,айнымайтын сенiмге,
О,адамдар,болсаң ғашық,ғашық болғын өмiрде!
***
Бiр сырды ұқпасақ та есiмiнен,
Әр қыздың табиғатын бәсi бiлген.
Хат алушы ек арудан,ол бiр дәурен,
Кiреберiс-поштанын жашiгiнен.
Көрсеткендей сол қыздың асқақ атын,
"Сәлем хат"деп әлгi хат басталатын,
Сонан соң отырасың жауап жазып,
Әуелi өрнекпенен бастап атын.
Ұзақ-ұзақ оқисың хаттарында,
Жүредi жүрегiнде сақтап ол да.
Суретi келетiн хаттарменен,
Арман-қыз боп сезiмнiң ақ таңында.
Басталды ма сол кезде-ақ алғашқы әнiм,
Бiлiп едiм жырымды ел қоштарын.
Сол хаттардың бiрiне жетпейдi екен,
Бүгiнгi мың бiр хаты эл.почтанын.
Фариза Бакирова
Тым күшті