Бұл бетте «Нөсер жауын» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нөсер жауын себелеп, терезеңнен.
Бір өксігің байқалып кенезеңнен.
Ғашықтықтың бал дәмін сезбегендей,
Солғын тартқан ерінің, кенезерген.
Булыққандай өксікке ақ тамағың.
Ғажайыпқа сендің ау,
Қап, қарағым.
Қай тарихың жаныма жақын ау деп,
Күнделікті күрсініп ақтарамын.
Ия ия,
Сәт, мезет өмір жалған.
Жетектейді білемін, өмірді арман.
Өткеніңе өкінбе, ақ пен қара,
Күндер күтер әлі де, көңілді алдан.
Жайнай берші,
Жарығым, жаса жаным.
Сені маған жар еткен жасағаным.
Қиыншылық түбінде, бір қайыр бар,
Елеусіз қалмасы һақ жасағаның.
Жарқырашы,
Жайнашы,
Жаса жаным.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі