Ақын едім – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ақын едім» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1402
Ақын едім жүректе жыр түнейтін,
Санаңды да жаңғыртып сілкілейтін.
Әйел деген көктемгі кемпірқосақ,
Әйел деген қырмызы түлкі кейпің.
Бай, бағлан бол,
Баянды бағың асыл,
Қамытың сол, бәрібір бағынасың.
Тақымыңнан серкешің тайған кезде,
Жас күніңді дүние- ай сағынасың.
Жарың болса жақсы ғой, жарасатын.
Қонағың да көп болар, тарасатын.
Көпке өткізген қызмет қайырлы боп,
Ұлым болсын өзіме қарасатын.
Тегім солай,
Жақсыны ерте берем,
Кенже ұл ем, жөнім жоқ еркелеген.
Болмысымнан жуас ем, шынықтырды,
Мына өмірдің жендеті желкелеген,
Еркелік те ұзаған ерте менен.
Жүрегімде жинаған бар иманым.
Өзгенің арбауына иланамын.
Өлеңімді өрнектеп келемін мен,
Ұрпақтарым оқыса,
Сол жиғаным.
Өскен ұл ем,
Теріп өскен қыр гүлін.
Шағынардай емес бүгін, тірлігім.
Бұл ғасырда бақ орнасын қазаққа,
Шайқалмасын береке мен бірлігің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын едім өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ақын едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын едім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері