Үйде жалғыз, ашық еді есігім – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Үйде жалғыз, ашық еді есігім» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1356
Үйде жалғыз, ашық еді есігім.
Жайлап қана біреу есік қағады.
Есікті ашсам, жәй сұрайды кешірім,
Бір бойжеткен маған көзін қадады.
Танымадым, сұрағам жоқ тосыннан,
Ес жиып та үлгермедім, таң қалып.
Сөз айтты тез, мені көріп тосылған,
Аңтарылып тұрғанымды аңғарып.
Аға, біздер волонтерміз ерікті.
Жетімдерге бұйырады теңгеңіз.
Шаңырақта өзіңіз ба бөрікті,
Әлде мұны шеше ма- деп- жеңгеміз?
Жүз теңгенің шоколадын берді олар.
Тұрдым ғана жәй мың теңге ұсынып.
Келесі үйдің кнопкасын терді олар,
Үйде жалғыз екенімді түсініп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері