Бұл бетте «Тоқалды дейді жұрттар, тоқты жейді» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тоқалды дейді жұрттар, тоқты жейді.
Алсаң ал тоқалыңды бопты мейлі.
Екі жанды басқару оңай емес,
Екеуіне сыймай қап, боқты жейді.
Әйеліңе кім жетсін қыздай алған.
Мінезіңе, бәріне шыдай алған.
Тоқал деп, қолдағыңнан айырылма,
Аулақ қылсын, ондайды құдай әрман.
Жексұрын да боласың балдарыңа.
Деп жылайсың - мені Алла қарғадың ба? –
Екі қайық ұстаған суға кетер,
Түсінесің жағада қалғаныңда.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі