Бұл бетте «Біз кетеміз, дүние жалған қалады» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әр адамның әрқалай ғой, таланы.
Сәйгүлік көп тасқа тиген табаны.
Жапалақтай жалпылдаған жандар көп,
Аярлар мен жағымпаздың заманы.
Ақты – ақ демей, ажыратпай қараны.
Мына жұртым қайда кетіп барады.
Мансабың мен билігің де уақытша,
Біз кетеміз,
Дүние жалған қалады.
Мына жұртым қайда кетіп барады.
Мансабың мен билігің де уақытша,
Біз кетеміз,
Дүние жалған қалады.
Көке, Жәке, тайпа, руға бөлініп.
Басшы алдында бет моншағы төгіліп.
Жағымпаздың жалған жырын тыңдайды,
Басшысы да жалған сөзге семіріп.
Жігері жоқ жан өсе алмай жылайды.
Қарғап сілеп айналасын, құдайды.
Нағыз ерлер мойымайды тегінде,
Алла берген сынағына шыдайды.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі