Асанбай Асқаров ағаға
Бұл бетте «Асанбай Асқаров ағаға» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алатау десе,
Алматы түсер есіңе.
Алматы ұлық,
Дауласам оған несіне?!
Таразға жетпей,
Шымқала саған бұйырған,
Алатау биік,
Алатау саған несібе.
Арыстар еді,
Тірлікті күйттеп бас алмай,
Ерлерім болса,
Болсыншы ерім Асандай.
Алаштың соңы,
Аңырап кеткен арысым,
Асқаров еді,
Асқар шың еді Асанбай.
Медеуді сүйдің,
Екінші медеу іздедің.
Халқыңды ойлап,
Жаныңа қажау іздедің.
Жаныма батты,
Бүгінде оны елемес,
Сол шатқалдағы иесіз қалған іздерің!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі