Елі сүйген елбасы! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Елі сүйген елбасы!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 6202
Көмейден шықпай жүр-ау жақсы өлең,
Жүздесіп жүрсем-дағы жақсыменен.
Жұрт не десе о десін, Елбасыны,
Жаныммен жүрегіммен жақсы көрем.
Ойлап жүр қартыңды да, бала қамын.
Сығандай жайылмады алақаның.
Жандарды бақытты ғой деп ойлаймын,
Елбасының сезінген алақанын.
Қазаққа жат қылық ол, жамандасу,
Жақсылық әкелмес-ау саған да ашу.
Адамда арман көп қой, мендегі арман,
Алла сүйген патшамен амандасу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері