Артық айтпа ақыным – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Артық айтпа ақыным» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1223
– Айлакер деп ойлаушы едім түлкіні.
Құлдық сана адастырған түркіні.
Династиялар елді солай билесін-
Деген сөзі бір ақынның күлкілі.
Біле білсең бүкіл қазақ жақының.
Артық айтпа, артық айтпа ақыным.
Қазағымды ер азамат билесін,
Бұра тарта бермейтіндей жақынын.
Жағымпаздық жайлап жатқан заманда,
Жол ашылған, адал құлап, арамға.
Алаштарым аңсап өткен нұр өмір,
Келеді әлі түйсік болса санаңда.
Жас ағып тұр,
Жасық па едің, көзіңнен.
Асау жырды күтіп едім өзіңнен.
Өсем десең,
Өшем десең өз еркің,
Құлауың мен тұруың да өзіңнен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері