Әр елдің салты басқа
Бұл бетте «Әр елдің салты басқа» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Денис Тенмен қоштасу рәсіміне қарап туған ой)
Қазақ болса жоқтар ек, арды сақтап.
Той болса құтықтайтын, бәрі жақтап.
Өлген жанды жоқтаушы ек аза тұтып,
Бір түрлі екен,
Қоштасқан шапалақтап.
Әр елдің салты басқа, ала қасқа.
Біздегі өре бөлек, сана басқа.
Ұлың өлсе қуанып қоштаспашы,
Шапалақтап жүрмеші, қара баспа!
Жасқа толмай көздері, тұманданбай,
Себеп болды екен ау бұған қандай?
Дүйім жұртым қолдарын шапалақтап,
Өлгеніне риза боп қуанғандай.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі