Әкемнің арнауы – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Әкемнің арнауы» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1498
(аза тұту)

Көшкін інім,
Тетелесім, құрдасым.
Қажығанда өзің едің сырласым.
Жарқырап бір жүрген жандар көп емес,
Алып жүрген жан санаулы, бір басын.
Елуімде, алпысымда келіп ең,
Жетпісімде тойлап едім сенімен.
Сексенімде төрімдегі қонақ боп,
Жүрер еді деп өзіңе сеніп ем.
Амал қанша,
Бұйырғаны тағдырдың,
Нанын аңсап жүрмін мен де тандырдың,
Сен де кеттің,
«Манап»- кетті жалған ай,
«Қарақас» пен «мені» тастап, жан құрбым.
Өткен өмір,
Айналды ма елеске?
Бұл өмір тұл,
Қайта келер емес те.
Кетеріңде сөйлей алмай жыладың,
Жылап тұрып аламын-ай мен еске.
Бауырым-ау,
Еске алмасам арға мін.
Санаң терең, ұлық еді ар жағың.
Бауыржаным ақ жолыңды жалғаса,
Сенде, менде болмас еді арманым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкемнің арнауы өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әкемнің арнауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкемнің арнауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкемнің арнауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері