Әкемдей болсам жетеді – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Әкемдей болсам жетеді» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1662
Кешір Алла, пенделік пен қатемді.
Жақын болып кетті ма әлде, жат енді?!
Ақылына құлақ салғын жарандар,
Қадір тұтып, көп жасаған әкеңді.
Қиын қыстау шақтарды да өткерді.
Өткен өмір- онда жатыр көп белгі.
Ірілері, інілері бас иген,
Бағындырған батырың мен бектерді.
Әке, жөнің ерекше ғой білемін.
Бақ дарыған асылдардың бірі едің.
Ағайынға тек жақсылық тілеген,
Қариясыз, мінсіз ғана жүрегің.
Көп көргеннен сұра дейді тілекті.
Сөзің әділ, жүрегіме жыр екті.
Сүрінгенде бұл жалғанның сынынан,
Қорғағансың түріп алып білекті.
Ешкім мені айта алмайды ерке деп.
Құшағыңда өссем дағы еркелеп.
Сағынышты жүрегіме жасырып,
Қастарыңнан кеттім ғой мен ертерек.
Бір бала бар жасқа толған етегі.
Бір бала бар әкесінен өтеді.
Өміріне өкпелі жан мен емес,
Тап әкемдей болсам маған жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкемдей болсам жетеді өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әкемдей болсам жетеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкемдей болсам жетеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкемдей болсам жетеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері